2385

Бір ай бұрын Жаркенттен Алматыға барар жолда жоғалып кеткен ер адам Жаңа жылда өлі күйінде табылды

8 желтоқсанда Жаркент қаласынан шығып кеткен ол Жаңа жыл түнінде өлі күйде табылды.

Бір ай бұрын Жаркенттен Алматыға барар жолда жоғалып кеткен ер адам Жаңа жылда өлі күйінде табылды
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтыр желтоқсанның басында хабар-ошарсыз кеткен Алматы облысының тұрғынының мәйіті 31 желтоқсанда табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

Іздестіру бағдарына сәйкес, Алматы облысының Қоянқұс ауылында тұратын 1969 жылы туған Қалиасқаров Ерсін Қалиасқарұлы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жаркент қаласынан (Жетісу облысы) Алматыға кетіп, хабар-ошарсыз кетті.

Жоғалған адамның туыстары оны іздеуде деп жариялады. 31 желтоқсанда жоғалған азамат Қалиасқаров Ерсін өлі күйінде табылды. Еріктілер істің егжей-тегжейін айтпады.

Материал авторы