Биыл KAZINFORM агенттігіне 105 жыл толады

03.01.2025, 18:00
610
Биыл KAZINFORM агенттігіне 105 жыл толады Kazinform

2025 жылы 13 тамызда еліміздегі ең көне медиаресурстардың бірі - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл толады. Агенттік ғасырдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде мүлтіксіз еңбек етіп келеді.

Алғашқы қазақ ақпарат агенттігі 1920 жылы Орынбор қаласында РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде ашылған еді. 1925 жылы агенттіктің аты ҚазРОСТ болып өзгерді. Ал 1937 жылы «ҚазТАГ» деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.


Фото: Kazinform мұрағатынан

Агенттік ҚазТАГ болған жылдары Аркадий Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді); Константин Нефёдов (1939-1940); Жүсіп Алтайбаев (1953-1958); Кеңесбай Үсебаев (1959-1960); Қасым Шәріпов, (1961-1974); Кәкімжан Қазыбаев (1977-1982); Жұмағали Исмағұлов (1982-1987) және Амангелді Ахметалимов (1987-1997) сынды азаматтар басшылық етті.


Фото: Kazinform мұрағатынан

Алпыс жылдан кейін 1997 жылғы 10 қыркүйекте «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны құрылды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елдегі алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болды. Агенттік 2022 жылы ҚР Президентінің телерадиокешенінің құрамына қосылды.


Фото: Kazinform мұрағатынан

Kazinform жаңалықтары қазақ, орыс, ағылшын, қытай, өзбек тілдерінде таратылады. Сонымен қатар, шетелдегі қандастарымыз үшін жаңалықтар латын графикасында және төте жазумен беріледі. 2004 жылдың 14 ақпанында «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының қазақ бөлімшесі Қазақстанда алғаш рет латын әліпбиі негізінде мемлекеттік тілде жаңалық таратуды қолға алды. Негіз ретінде академик Әбдуәли Қайдар дайындаған латын графикасының үлгісі алынды. Кейіннен осы нұсқа мамандар арасында «ҚазАқпарат нұсқасы» деп аталып кетті. Соның арқасында кириллица қарпін оқи алмайтын шетелдердегі отандастарымыз тарихи отанында болып жатқан оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік алды.


Фото: Kazinform мұрағатынан

Kazinform – Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі жалғыз агенттік. Оның кеңсесі Астанада орналасқан және еліміздің барлық өңірінде меншікті тілшілер жұмыс істейді. Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Иорданияда меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.


Фото: Kazinform мұрағатынан

Агенттіктің амбицияға толы, бірақ нақты орындалатын мақсаты бар — құрлықтағы жетекші ақпарат агенттіктерінің бірі болу.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды