Тағы бір жеңіліс: Рыбакина жеңіске бір қадам қалғанда поляк қарсыласынан жеңіліп қалды
United Cup жартылай финалында Елена Рыбакина жеңіліске ұшырады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түні Аустралияда United Cup командалық жартылай финалдық кездесуінің екінші ойыны аяқталды.
Турнирде әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде екінші орындағы ойыншы Ига Швёнтек өнер көрсетті. Ойын Польша теннисшісінің пайдасына 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.
Матч 2:0 жалпы есебімен аяқталып, Польша құрамасы United Cup финалына шықты.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші