«Әпкем Tesla-ның инженері екен»: алматылық жігіт ДНҚ тестін тапсырамын деп АҚШ-тан туған әпкесін тауып алды

04.01.2025, 12:59
3226
«Әпкем Tesla-ның инженері екен»: алматылық жігіт ДНҚ тестін тапсырамын деп АҚШ-тан туған әпкесін тауып алды жеке мұрағатынан

Перзентханада анасы тастап кеткен Алинаны америкалықтар асырап алған боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, таңғажайып оқиғаны Алматы тұрғыны Вадим Стружихин Tengrinews.kz тілшісіне айтып берген. 

Егер Вадим өз денсаулығын тексеру үшін ДНҚ-тест тапсыруды шешпесе, Атлант мұхитының арғы жағында, Қазақстаннан мыңдаған шақырым жерде қаны бір әпкесін табуы екіталай еді.

Вадим Стружихин Алматыда туып-өскен. Ол ірі компанияда бағдарламалық жасақтама жасаумен айналысады. Жиі шетелге саяхаттайтын Вадим 2022 жылдың қаңтарында Германияға саяхаттап, сол жақта ДНҚ тестінен өтуге шешім қабылдаған.

«Мен бала кезімнен технологияға, ғылымға қызығамын. Медициналық зерттеулерді көп оқимын. Бірде мен Хараридің әйгілі «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабын оқыдым. Онда ол ДНҚ сынағы туралы айтып, оған қатты қызығушылық танытқан екен. Қазақстанда дәл осы тестіні тапсыруға мүмкіндік болмады. Тек 2022 жылдың қаңтарында Германияны аралап жүріп, сол жақтағы мекенжайға тапсырыс беруді шештім. Тестінің өзі былай жүргізіледі екен: олар сілекейге арналған жабдықтары бар қорап жібереді. Сосын сол қорапқа материалды жинайсың да, оны зерттеу және декодтау үшін америкалық зертханаға жібересің», - дейді Вадим.

Осылайша Вадимнің ДНҚ-тест нәтижелері деректер базасына жүктелген.

«Зертхананың сайтына профильді тіркеген кезде «Туыстарыңызға хабарлама жіберуге рұқсат бересіз бе?» деген опция бар. Мен «Иә» түймесін бастым. Алты айдан кейін маған «Сізге әпкеңіз хат жазды» деген хабарлама келеді. Өзім таң қалдым, «Қандай әпке? Мен барлық әпкелерім мен ағаларымды, олардың есімдерін жақсы білемін ғой» деп.

Содан кейін АҚШ-тан ағылшын тілінде сөйлейтін бір адам жазады. Ол да, мен де таңғалдық. Профилінде «Бұл сіздің әпкеңіз» деп жазылса, оған «Бұл сіздің бауырыңыз» деп жазылған екен. Бізде бірдей ДНҚ-ның үлкен пайызы бар екен, яғни біздің ортақ ата-анамыз бар: не анамыз, не әкеміз. Бірден әкеме қоңырау шалдым», - деп есіне алады ер адам.

Әпкесі америкалықтар асырап алғанын айтқан. Олар оны Алматыдағы балалар үйінен алып кеткен көрінеді.

«Оның қолында анасының тегі көрсетілген туу туралы куәлік бар екен. Мен сол фамилияны әкемізге айттым. Бұл оның екінші әйелінің қыз кезіндегі тегі екенін айтты. Содан соң, әрине, біз бар жағдайды түсіндік. Әкемнің екінші әйелі жүкті кезінде әкемді тастап кеткен, бірақ неге екені белгісіз өзінің жүкті екенін жасырған. Әкем оның жүкті екенін білмеген! Олар 1999 жылы мамырда айырылысып кетсе, әпкем қараша айында дүниеге келген. Оны анасы перзентханада тастап кеткен. Содан кейін Алина балалар үйіне берілген. 3 жылдан кейін ғана оны америкалық жұп асырап алған екен», - деді Вадим.

Белгілі болғандай, америкалық отбасы Алматының түрлі балалар үйінен бірден үш баланы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткен.

«Әпкемнің асырап алған ата-анасы үлкен әрі өте ерекше отбасын құрған екен. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен 10 бала асырап алған екен. Олардың отбасында қаралар да, ақтар да, азиаттар да бар екен.

Мен әпкемді дереу әкемізбен таныстырдым. Әпкеме қоңырау шалып, мен екеуіне аудармашы боп отырдым. Енді олар бір-бірімен жиі хат алмасып отырады. Әкеміз оны өзінің таралым хаттарына қосып қойған. Күн сайын оған ашық хаттар мен тілектер жолдап отырады», - дейді Вадим Стружихин.

Айтуынша, Алинаның өмірі айтарлықтай жаман емес. Ол көпбалалы отбасыда өскен, мектептен кейін АҚШ әскеріне қызмет еткен. Ол қазір Техас штатындағы Tesla зауытында инженер болып жұмыс істейді.

Ал Алинаның бауыры Вадимнен кейін бірнеше ай өткен соң генетикалық тест тапсырғаны анықталды. Бір қызығы, ол да дәл сол зертхананы таңдаған. Бұл сәйкестік таңғалуға тұрарлық. Себебі АҚШ-та мұндай зертханалар аз емес, ал олардың дерекқоры бір-бірімен ақпарат бөліспейді. Былайша айтқанда, синхрондалмаған.

«Мен бұл генетикалық тестіні ата-бабамды, денсаулығыма төнген қауіп-қатерді, гендегі мутацияны бақылау үшін тапсырған едім. Мысалы, бұл тест холестериннің жоғары ықтималдығын көрсетіп берді. Мен холестеринді тексеруден өтіп едім, онда да расталды. Осылайша дәрігер менің өмірімді ұзартатындай дәрі-дәрмектерді тағайындап берді.

Ал Алина өзінің қандай ұлт екенін білу үшін тест тапсырған. Өзінің кім екенін түсіне алмаған: не орыс, не қазақ. Ол Қазақстаннан екенін білгенмен, бірақ ұлты кім екенін білмеген. Шынында да, біздің әкеміз орыс, ал оның анасы – жартылай қазақ, жартылай орыс екен. Сондықтан оның келбеті ерекше екенін байқауға болады. Бұл тестілеу оның 25 пайызға қазақ екенін, ал қалған 75 пайызға шығыс еуропалық екенін көрсеткен», - деп қосты Вадим.

Әлеуметтік желілерде Вадим әпкесінің анасын да тауып алған екен.

«Мен оның анасы кім екенін білдім. Оны «ВКонтакте» және «Одноклассники» деген әлеуметтік желілерден таптым. Әпкемнің рұқсатымен оған хат жазған едім, бірақ одан жауап болмады. 

Әпкем биологиялық ата-анасына ренжімейді. Өйткені әкем оның бар екенін де білмеді. Егер мен білсем, мен оны балалар үйінде қалдырмас едім. Ал анасында қиын жағдайлар болған сияқты.

Алина өзінің Қазақстандағы өмірі мүлдем басқаша боларын да түсінеді. Ол енді Алматыға келгісі келеді. Мен оған қаланың суреттерін көрсеткен едім, оған қатты ұнады. Оған қатты әсер етті. Мен негізі АҚШ-қа жиі барып тұрамын. Жақында Техасқа бармақпын», - деп түйіндеді Вадим.

Шикі газды көп жаққан компания 3,5 млрд теңге залал өндіретін болды Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған (ВИДЕО) Менен кейін өледі деп ойлайтынмын: Исабеков Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады «Сахна сәні»: әнші Мақпал Жүнісованы министр және эстрада өкілдері туған күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО) Қазақстан тағы да Орталық Азиядағы ең мықты әскері бар ел деп танылды Оңтүстік Кореядағы әуе апаты: ұшақтың «қара жәшіктеріне» қатысты тың дерек шықты «Ресей дәлел болмасын деп кәріс әскерін өлтіреді»: Зеленский Украинаға қарсы соғыста тұтқынға алынған солтүстік кореялық сарбаздарды әшкереледі Әлемдік білім олимпиадасын астаналық бала жеңіп алды Енді қоғамдық орында боқтап, түкіргендер көше сыпырады Астанада әйеліне ренжіп, көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды Автобуста жол ақысын төлемейтіндерді анықтайтын жүйе Астанада орнатылды 4 жасар бала басын орындыққа қысып алды Алматыдан тағы да жер сілкінді Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Өнерім жетіп артылады»: ұн илеп, үй сылаған Назым Қызайбай жанкүйерлерін таң қалдырды 10 жастағы қыздарға «Ғашық болып қалдым» деп жазған блогерге қатысты тексеріс жүргізілмек Баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген «Кері бұрыл, тупой!»: Астана полициясы жүргізушіге дөрекі сөйлеген қызметкерлеріне қатысты тексеріс бастады Бір адам қаза тапты: Жетісу облысында көлік жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып кеткен