1292

Жаңа жыл түнінде Оралдағы колледж студенті өлі табылды

Полиция Оралдағы колледж студентінің қайғылы қазасына түсініктеме берді.

Жаңа жыл түнінде Оралдағы колледж студенті өлі табылды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БҚО полиция департаменті Орал қаласындағы колледж студентінің қайғылы қазасына түсініктеме берді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні болған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, студент өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор