905

Есірткі тасымалдаған ақтөбелік жігіт туған күнінде ұсталып қалды

Полицейлер жігіттен 24 пакет есірткі тапқан.

Есірткі тасымалдаған ақтөбелік жігіт туған күнінде ұсталып қалды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Тұтқындау кезінде оның туған күні болған екен.

Полицейлер жігіттен есірткі салынған 24 пакетті тапты. Сараптама оның мефедрон екенін растады. Сонымен қатар ұсталған адам басқа да есірткі заттарын жасырған жерлерін көрсетіп берген.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, туған күн иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Материал авторы