«Бірде-бір сот отырысына қатыспаған»: 1 млрд жымқырды деп айыпталған Болат Мажағұлов журналистерге шүйлікті

05.01.2025, 14:10
840
«Бірде-бір сот отырысына қатыспаған»: 1 млрд жымқырды деп айыпталған Болат Мажағұлов журналистерге шүйлікті жеке мұрағатынан

Ол сотқа қысым жасалып жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Есіл өзенінде орналасқан "Күн" фонтанының құрылысына қатысты 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажагұлов әлеуметтік желіде сот процессіне байланысты жазба жариялады. Ол БАҚ беттерінде шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан журналистерге шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

“Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында анықталғанға ешқандай қатысы болмаса да, мен туралы және соттың маған тағылған айыптарды қарауының мән-жайлары туралы ақпарат тарады. Бұл жарияланымдардың бәрі өкілдері бірде-бір сот отырысына қатыспаған басылымдарда жарық көрді. Олар айыптау актісінің бірде-бір мәлімдемесі сот процесінде расталмағаннан кейін пайда болып отыр”, – деп жазды Болат Мажағұлов.

Ол сотқа қысым жасалып жатқанын айтты.

“Тергеуге пайдалы, бірақ сот талқылауында расталмаған жалған немесе бұрмаланған деректерді тарату – сотқа қысым жасау. Бұл сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тараптардың тең құқығы мен бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді, процеске қатысушылардың біріне қатысты негізсіз теріс қоғамдық пікір қалыптастырады. Менің ойымша, бұл соттың заңды және негізделген шешім шығаруына кедергі келтіріп, істің мән-жайларын объективті қарау құқығымды бұзады”, – дейді Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы.

Болат Мажағұлов 2016 жылы Есіл өзенінде “Күн” фонтанын тұрғызу және оны қалалық бюджет қаражатынан қаржыландыру туралы шешімді әкімдік басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және Астана қаласы мәслихатының депутаттары қабылдағаны анықталғанын айтты.

“Осылайша, фонтанды орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарды. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті “Күн” субұрқағын құрастыру және орнату жобасын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланғанын анықтады. Астана қаласының мәдениет басқармасы бөлген бюджет қаражаты бюджеттік қаржыландыру бағдарламасына сәйкес “Күн” фонтанын құрастыру бойынша қызметтерге ақы төлеу үшін ғана пайдаланылғаны расталды”, – дейді Болат Бауыржанұлы.

Оның айтуынша, фонтан кабельдері мен басқа да жабдықтары ұрланған соң істен шыққаны анықталса да және полицияның тергеу жүргізіп жатқанына қарамастан БАҚ фонтан сапасыз металлдан жасалған соң жұмысын тоқтатты деген ақпарат таратқан.

“Осы жоба бойынша БАҚ-та жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар туралы ақпарат дұрыс емес. Мәселен, сот талқылауында істің материалдары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жауапты мамандардың, қорытындылары, олардың бірнешеуінен алынған жауап зерттеліп, "Күн" субұрқағы жобасы бойынша жүргізілген рәсімдердің, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтады. Сегіз жыл ішінде осы жоба бойынша көптеген тексерулер, соның ішінде аудиторлық жане прокуратура тарапынан тексерулер жургізілді. Олардың ешқайсысында, оның ішінде Астана қаласының мәдениет басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл материалдар сотта да зерттелді”, – делінген жазбада.

Осылайша, Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов біраз уақыттан кейін Астана әкімдігі басшылығының және жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша орнатылған "Күн" субұрқағы үшін оған жауапкершілік жүктеуге тырысу акылға қонымсыз және фактілер мен логикага сейкес келмейтінін жеткізді. 

Ол қазіргі уакытта өзіне тағылған айып бойынша сот жаласып жатқанын жене аяқталуға жақын екенін айтты. 

Өнер адамдары мен отандық шоу-бизнес өкілдері Болат Мажағұловты қолдап, соттың әділ өтуін сұрады.

Әнші Жанар Айжанова “Болат інім, сүттей ақ болып ақталып шығуыңа  тілектеспін. Өз басым сені Астана мәдениетіне жеңін түріп кіріскен жанашыр азамат ретінде көремін. Осы әңгіме шыққанда уайымдап қалып едім. Желіге шыққаныңа қуанып қалдым. Бәрі өзің ойлағандай сәтімен шешілсін” деп пікір қалдырса, Серік Ибрагимов “Болат аға, сіз шынымен де мәдениет үшін жасаған дүниеңіз көзі ашық адамдардың бәріне көрінді! Қолдан келгенше бәріне көмектестіңіз. Алла жар болсын, аға. Әділдік болса сізде бәрі жақсы болады” деп тілектес екенін білдірді.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған