Қытайдағы қандасымыз қазағы жоқ қалаға әкім болып сайланды

05.01.2025, 17:33
1039
Қытайдағы қандасымыз қазағы жоқ қалаға әкім болып сайланды zhangye.gov.cn

Қытайлық қандасымыз Ербол Зықанұлы Ганьсу провинциясының Чжанъе қаласына әкім болып сайланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Чжанъе қалалық V Халық өкілдері жинасының төртінші сессиясының кезекті отырысында Ербол Зықанұлы қалалық әкімдіктің басшысы қызметіне бірауыздан сайланған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Қытайлық басылым ҚХР ШҰАР аудиторлық басқармасының жетекшісі қызметінде болған Ербол Зықанұлының 2024 жылы қазан айында Чжанье қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары, қала әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын еске салады.

Ашық дереккөз бойынша, Ербол Зықанұлы 1973 жылы мамырда Қытайдың Алтай өңірінде дүниеге келген, жоғары білімді. Бұған дейін Буыршын ауданының әкімі, Алтай аймағы әкімшілік басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарған.

Ербол Зықанұлы – Қытайдағы ұлты қазақ мемлекеттік қызметкерлердің арасында ШҰАР аумағынан тыс жерде өңірлік маңызы бар қалаға әкім болып сайланған алғашқы тұлға.

Чжанъе – Қытайдың Солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясына қарасты жергілікті маңызы бар қала. Жалпы жер ауданы 39 436,53 шаршы шақырым, тұрғылықты халық саны 1,2 млн-ға жуық, оның 97 пайызы этникалық қытайлар. Қалаға тәуелді Сунань сарыұйғыр автономиялық ауданы Қытайда ғана кездесетін түркітілдес сарыұйғыр халқының тарихи мекені саналады. Сондай-ақ қала округінде дүнген, моңғол, тибет халықтарының өкілдері тұрады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды