«Ойыннан от шықты»: Павлодар облысында полиция шақырған жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

05.01.2025, 18:40
706
«Ойыннан от шықты»: Павлодар облысында полиция шақырған жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды ura.news

13 жастағы бала іші пысқаннан біреулер ұрлап кетті деген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында жасөспірім іші пысқаннан өзін ұрлап, ұрып-соғып жатқанын айтып, полицияға жалған ақпаратпен хабарласқан. 13 жасар ұлдың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

2025 жылдың 5 қаңтарында облыстық полиция департаментіне ұлдың әпкесі хабарласқан.

"102 арнасына қыз қоңырау шалып, бірнеше минут бұрын 13 жасар інісінің хабарласып, белгісіз біреулердің қара джиппен келіп, ұрып-соғып жатқанын айтқан. Әпкесі қайта қоңырау шалғанында оның телефоны өшіп тұрған. Туыстарының айтуынша, жасөспірім сол күні жаттығуға баруы керек болған. Полиция қызметкерлері жасөспірімге қауіп төніп тұрғанын түсініп, дереу Атамекен кентіне шықты", – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары қажетті іздестіру іс-шараларын өткізіп, туыстарынан, көршілерінен және кент тұрғындарынан сұрастырады.

"Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған бала күлімсіреп, үйде не болып жатқанын түсінбей аулаға кіргенде полиция мен ата-анасы таңғалған. Жасөспірім іші пысқаннан ата-анасы мен әпкесіне еркелеп алдаған”, – деді Павлодар облысының полиция департаменті. 

Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру фактісі бойынша жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Енді ата-анасы 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді. Полиция мен шұғыл қызметтер нақты қауіп-қатерлерге қол жетімді болуы керек. Ал жалған қоңыраулар қызметтердің жұмысын қиындатып, қауіпті жағдайларда адамдарды құтқаруға кедергі келтіруі мүмкін", – деп қосты ведомство.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды