Ақтаудағы ұшақ апатында ерлік көрсеткен құтқарушылар марапатталды

05.01.2025, 19:22
744
Ақтаудағы ұшақ апатында ерлік көрсеткен құтқарушылар марапатталды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Маңғыстау облысында Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларын құтқаруға қатысқан құтқарушылар марапатталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облыстық департаментінің он құтқарушысына ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табысталған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жеткізді.

Марапатты құтқарушыларға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай табыстады. 

Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен:

№ 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Байтөре Олжас Серікбайұлы, № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы марапатталды.

"Ерлігі үшін" медалімен:

- Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,

- Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,

- Естемес Әлішер Нұржанұлы — "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,

- Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі

- Құбайдуллаев Заманбек Мұратұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,

- Оразбеков Оспан Жалғасынұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері марапатталды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы "Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.

Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық мекемелердің қызметкерлері президенттің алғыс хаттарын алды.

“Марапатталғандардың ішінде 68 адам, оның ішінде ТЖ департаментінің 24 қызметкері және облыстың түрлі салаларының 44 өкілі бар. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың атынан марапаттарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов табыстады”, – делінген хабарламада. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды