«39 магнит шарик жұтып қойған»: Көкшетаулық дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды

06.01.2025, 09:45
579
«39 магнит шарик жұтып қойған»: Көкшетаулық дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бес сағат бойы ота жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жасар баланы құтқару үшін бес сағатқа жуық ота жасады.

2 қаңтарда Зеренді ауданының кішкентай тұрғыны қатты құсу және іштің ауырсынуына шағымданып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Рентген оның ішегінде бөгде зат бар екенін көрсеткен.

Анасының айтуынша, 31 желтоқсанда ол баласының аузынан бірнеше магнитті шариктерді алып шыққан. Бірақ сол кезде бала әлдеқайда көп шарикті жұтып қойғаны белгілі болды. Бір рет құсу ата-анасын алаңдатпаған, олар бала шамадан тыс тамақтанып қойды деп ойлаған. Алайда баланың жағдайы нашарлап, оны тек үшінші күні ауруханаға алып келгені айтылды.

Баланы тез арада тексеріп, шұғыл операцияға дайындау үшін реанимацияға жатқыздық. Өйткені уақыт өтіп кеткендіктен, бөгде заттар тоқ және аш ішекке тарап кеткен. Операцияны біздің тәжірибелі дәрігеріміз, бөлім меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді, ал мен ассистент болдым. Лапароскопиялық монитордың көмегімен 39 магнитті шарикті алып шықтық! Үш күн ішінде олар ішекті зақымдап, оның қабырғаларын тесіп, тоқ және аш ішекті жарақаттаған. Бұл операцияны қиындатты. Сондықтан ол бес сағатқа созылды. Сонымен қатар, осы жарақаттардың салдарынан перитонит дамыған. Ішектегі жаралар іріңдеп кеткен, – деді балалар хирургі Сәлімжан Жақыпов.

Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды