«Елеп жүрейік»: Елдос Сметов өз премиясын химиядан олимпиада чемпионына табыстады (ВИДЕО)

06.01.2025, 11:33
992
«Елеп жүрейік»: Елдос Сметов өз премиясын химиядан олимпиада чемпионына табыстады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Өз марапатын алудан бас тартатынын айтқан спортшы елді таңғалдырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жылдың қызықты оқиғаларын қорытындылайтын «Қызық премия-2024» тележобасында қонақ болған Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне берілген жүлдені білім саласының үздігіне табыстауды шешті. Оған жоба авторлары «Жылдың үздік спортшысы» премиясын берген.

Сахнаға құрметпен шақырған соң, қолына микрофон алған спортшы өз марапатын алудан бас тартатынын айтып елді таңғалдырды. Ол білім мен ғылым саласындағы жандар елеусіз қалып жатқанын ескертіп, өз премиясын химия пәнінен 2023 жылғы халықаралық олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстап жіберді.

«Мен өзім «Жыл спортшысы» номинациясын осыған дейін 3-4 рет алдым. Қазір Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы спорт маусымын қорытындылайтын «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлер тізімінің қатарына ендім. Әлемде үздік болуыма қолдау көрсетіңіздер.

Енді осы «Қызық премия» берген марапатты жылдың бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді», - деді Елдос Сметов.

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан оқушылары IChO химиядан өткен халықаралық 55-олимпиададан бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль сол кезде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» 12-сыныпта оқыған Санжар Бейсенәліге бұйырған. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді 7 олимпиаданың қатарына кіреді.

Елдос Сметов болса, Париж олимпиадасында жалғыз алтын алған дзюдошы болды. Ол үш бірдей олимпиада жүлдесін алған Қазақстанның жалғыз спортшысы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды