«Адамды сүюге ар керек»: танымал өнер иесі Ақбота-Нұр жалғыздығын айтып, көптің көңілін босатты (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2025, 13:40
1450
«Адамды сүюге ар керек»: танымал өнер иесі Ақбота-Нұр жалғыздығын айтып, көптің көңілін босатты (ФОТО) жеке мұрағатынан

Әнші жан жарасымен бөлісіп, көптің қолдауына ие болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жұртты ойға қалдырды.

Көпшілік оның желіде жариялаған суреті мен өлеңіне түрлі пікірлер қалдырып, болжам жасады. Ол Instagram-дағы жеке парақшасында жазба жариялап, ақын Ақжол Түменбайдың өлеңін бөліскен.

«Уақытты жеңуге болады,
Арылып өкініш, әттеңнен.
Бақытты болуға болады,
Өзіңе ұнайтын сәттермен.

Алматы жалғыздар қаласы,
Таулардан тағдырдың күйі ақты.
Көзіңнің ағы мен қарасы,
Күйсандық пернесі сияқты.

Жүрегім тыныштық табатын,
Сен жайлы әлемде жоқ нота.
Махаббат күйдірген қанатын,
Аққудың баласы Ақбота.

Жақсы көр, жан беріп-жан алыс,
Мына әлем өте лас, өте шу.
Мен үшін күздегі романс,
Сенімен бір шыны кофе ішу,

Өмірде өзіме адалмын,
Мен сені айтпай ақ түсінем,
Көздері күлетін адамның,
Жүрегі жылайды ішінен.

Сен бірақ жылама, мұңайма,
Сәбидей сүйкімді күл мейлі.
Жалғыздық ұнай ма Құдайға,
Оны ешкім білмейді…

Адамды сүюге ар керек,
Арызың болмасын өмірге еш.
Жаныңды түсінер жар керек,
Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…» - деп жазды Ақбота-Нұр.

Бұған қатысты жұрт түрлі пікір жазды. Олар өнер иесіне қолдау білдіріп, демеу көрсетті.

«Ақжолдың сөздері жүректің пернелерін адаспай басады ғой...», «Әлі бақытты күндер, сәттер күтіп тұр алда», «Жүрегіммен түсінгендей болдым», «Жаңбырдың өзі сені көріп, көз жасын ағызып тұрған сияқты», «Қыз тағдыры өте ауыр...», – деді көпшілік.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады