«Жынданса ыдыс сындыратын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің ашуға ерік берген сәттері айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2025, 16:59
4999
«Жынданса ыдыс сындыратын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің ашуға ерік берген сәттері айтып берді жеке мұрағатынан

Қайрат ашуланғанда екінші тарап сөз қайтарғанды ұнатпайтын дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында марқұм күйеуінің ашуға ерік беріп, ыдыс сындырған кездері туралы айтты. 

Тележүргізуші марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың тарапынан абьюз қарым-қатынас болмағанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі қайтыс болған соң өмірі дейін және кейін болып екіге бөлінген. Бірақ “дейін” деген өмірі ең жарқын сәттерден тұратынын айтты.

“Өмірімдегі жарқын кездер қайталана ма, жоқ па, бір Құдай біледі. Бірақ мен ол кезді тек жақсы жағынан еске аламын. Ашуға келсек, кез келген ер азаматтың ашуы әрқалай. Біреу айғайлайды, біреуі ыдыс сындырады, енді біреуі шапалақпен тартып жіберуі мүмкін. Қайрекең ыдыс сындыратын. Қатты ашуланғанда үстелдің үстінде тұрған дастарханды тартып қалады. Үстінде қандай ыдыс, қандай тамақ тұр бәрі құлап, сынуы мүмкін. Адамның сырын білген соң  сен оны сондай жағдайға жеткізбеуге тырысасың”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол адамды қанша жерден жақсы білемін десең де, оны 100 пайыз тану мүмкін емес екенін айтты.

“Қайрат ашуланғанда екінші тарап сөз қайтарғанды ұнатпайтын. Бірақ тез басылады. Артынан “жүр шай ішеміз” деп шақырып, бәрін ұмыта салады. Мұны ол өз балаларына да айтады. Ашулы екенін көріп тұрсаң, сөз қайтарма. 5 минут тыңда, одан кейін ашуы басылады. Басқа үйге келгенде өз принциптеріңді ұмыту керек. Біздің қатеміз – сол. Мәселе сенің төмендей салуыңда немесе сол үйдің заңына бағынуыңда емес. Мәселе сөйлесе алуда. Ұрыс кезінде тыныш тұра тұру керек, эмоцияға берілмеу керек”, – дейді тележүргізуші. 

«Субһаналлаһ»: Алтынай Жорабаеваның қызына Пекиндегі атақты университет 650 мың теңге берген Тағы бірнеше өңірдегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды Ерлі-зайыптыны өз үйінде атып қашып кеткен алматылық еркек ақыры қолға түсті (ВИДЕО) Әйел күйеуінің 60 көңілдесі барын біліп, одан 1,2 млрд теңге өндіріп алды «Көңіліне алып қалар, құрсыыын»: тележүргізуші Анна Данченко шетелдегі демалысына әпкесінің қызын алып кеткен (ФОТО) «Міне, азамат! Міне, тұлға!»: Жамбыл әкімі желіде мазақ пен күлкіге қалды (ФОТО, ВИДЕО) Ресейде 9 қазақ азаматы жан түршігерлік апатқа ұшырап, екі адам қаза болды (ФОТО, ВИДЕО) Бразилиядан Қазақстанға жөнелтілген қара жәшіктің талдауы туралы КөлікМин мәлімдеме жасады Алтай Айнабек – жаратушыға айналды, оны қолдауымыз керек – Омар Жәлел Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды «Уақыт емдемейді»: Баян Алагөзова қайтыс болған әкесі туралы сырды ашты Маңғыстаудағы итбалықтар неге жаппай қырылды? Жұмбақ жағдайдың шешімі табылды Атырауда 40 жігіт жаппай төбелесті: Бір адам қаза тауып, екеуі ауруханада жатыр «Орысшаңмен елді ұятқа қалдырасың!»: орыс тілі үшін спорттық дәрігерді «Болашақ» оқуға жібермеген (ВИДЕО) «Әділдікті талап етеміз»: Ильхам Әлиевтің жаңа мәлімдемесі жарияланды Сілеусін күтпеген жерден ауыл ішіне кіріп кеткен Тоқаев православтарды Рождество мерекесімен құттықтады «Бұрқасын, көктайғақ, тұман»: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Неге тексертпедім?»: Ләйлә Сұлтанқызы жұбайының қазасына өзін кінәлады Қазақ еліне +1 айыппұл: Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға 39 мың теңге айыппұл салынады