Криштиану Роналду мансабын аяқтайды

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2025, 17:27
601
Криштиану Роналду мансабын аяқтайды Reuters / Ahmed Yosri

Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың мансабын аяқтайтыны туралы қауесет әлеуметтік желіде тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Әл-Наср" шабуылшысы 2024-2025 маусымынан кейін спорттан кетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TeamTalk футбол басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

TeamTalk басылымының дерегінше, Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен келісімшарты биыл маусым айында аяқталады.

Қазір Роналдудың мансабын жалғастыру бойынша үш нұсқасы бар. Бұл шешімдер оның қазіргі командасының Азия футбол конфедерациясының Чемпиондар лигасын жеңіп алуға мүмкіндігіне күмәндануымен байланысты болып отыр. Себебі клуб бұған дейін бұл кубокты жеңіп алмаған.

Бірінші нұсқа – Роналду келісімшартын ұзартуы мүмкін. Алайда 39 жастағы спортшының жасы оның пайдасына шешілмейді. Сондықтан ол команданы күшейту мәселесін көтеруі ықтимал.

Екінші нұсқа – Роналдудың Португалияға оралуы.

Үшінші нұсқа — мансабын аяқтау, бірақ бұл жерде бірнеше ерекшелік бар. TeamTalk мәліметінше, Роналду мансабын "Әл-Наср" азиялық Чемпиондар лигасын жеңгеннен кейін немесе 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы үшін ойнаған соң аяқтауы мүмкін.

Дегенмен желтоқсан айының соңында Роналду Globe Soccer Awards салтанатында өзіне әлі де күш-қуаты бар екенін айтып, жалғастырғысы келетінін жеткізді.

"Менде әрі қарай ойнауға және гол соғуға қосымша мотивация бар. Аяқтауды ойлап жүрген жоқпын. Жасым 40-қа жақындағанын білемін. Бірақ мен әлі де титулдар ұтқым келеді. Ойнай беремін", – деді ол.

Айта кетейік, Криштиану мансабында 916 гол соғып, УЕФА Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алды. Ол қазіргі заманның ең үздік футболшыларының бірі болып саналады.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты