«Бұрқасын, көктайғақ, тұман»: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.01.2025, 09:10
648
«Бұрқасын, көктайғақ, тұман»: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды Kazinform / Мухтор Холдорбеков

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК мамандары 7 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. 8 қаңтарда Жетісу облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты қар жауып, тұман түседі деп болжанады. 9 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -10...-15 градус, облыстың шығысында, таулы аудандарында -20...-25  градус аяз болады деп күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 25 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда ауа температурасы түнде -10...-15 градус аязға дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. 8 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Ауа температурасының түнде -5...-10 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -15...-20 градус аязға дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда түнде таулы аудандарда аракідік қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысындағы таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасының түнде -3...-8 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -11 градус аяз болады деп күтіледі. Таразда  7-8 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады. 8 қаңтарда  көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысып, 7 қаңтарда таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді, 8 қаңтарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с болады деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысындажауын-шашын, кешке облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, облыстың тау асуларында 28 м/с дейін жетеді. 8 қаңтарда түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, тау асуларында 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -3...-8 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында -12 градус суық болады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, орталығында қатты қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда күндіз қатты қар жауады, түнде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында қатты қар жауады. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ болады, күндіз бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.Қарағандыда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Атыраудада кей уақыттарда тұман болады.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында тұман түседі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Петропавлда тұман болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астана қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты