Сілеусін күтпеген жерден ауыл ішіне кіріп кеткен

07.01.2025, 10:15
1313
Сілеусін күтпеген жерден ауыл ішіне кіріп кеткен r/natureismetal

Оқиға Шығыс Қазақстанда болған. Ол ауылда жүріп, мысықты жеп қоя жаздаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында сілеусін ауыл ішіне кіріп кетіп, мысыққа тап берген. 

Әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданындағы бірнеше елді мекенде сілеусін жүргені жайлы видеолар тарады. Түз тағысы Первомайский ауылында мысыққа атылса, Жаңа Бұқтырма кентіндегі демалыс базаларының ішіне кіріп кеткен. 

Тұрғындар бұл туралы полицияға хабарлаған. ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір сілеусін табиғи ортаға жіберілді. 

- Полицияға Первомайскийдегі Металлургтер көшесінде сілеусіннің үй жануарларына тап бергені туралы хабар түсті. Учаскелік инспектор сол жерге қорықшы мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерін шақырды. Олар сілеусінді ұстап, табиғи ортаға жіберді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да ер адам өзі жұмыс істеген қожалықтың 20-ға жуық жылқысын ұрлағаны хабарланған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды