3339

Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды

Сауд Арабиясын тасқын су басты.

Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясында қатты су тасқыны болды. Бұл туралы Mash басылымы жеткізді.

БАҚ-тың хабарлауынша, Мекке мен Мәдинаның қасиетті қалаларының көшелері су астында қалды. Нөсер жаңбырдан кейін жолдар өзенге айналып, су тасқыны көліктерді шайып кеткен.

Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы Мекке, Мәдина қалалары мен Джидда порты үшін қауіп-қатердің қызыл деңгейі жариялады. Құрғақ тастардан өтіп, қалалар мен елді мекендерді су басқан.

Материал авторы