Ресейде 9 қазақ азаматы жан түршігерлік апатқа ұшырап, екі адам қаза болды (ФОТО, ВИДЕО)

07.01.2025, 15:51
1047
Ресейде 9 қазақ азаматы жан түршігерлік апатқа ұшырап, екі адам қаза болды (ФОТО, ВИДЕО) Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жеті қазақ азаматы зардап шегіп, екі адам қайтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ТЖМ Ресейдегі жол апатынан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялады.

5 қаңтарға қараған түні Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына Ресей ТЖМ-нен "Самара-Большая Черниговка" федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түсті. Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті.

Зардап шеккендерді Ресейге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлерін қамтитын жиынтық колонна жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті.

Қайтар жолда зардап шеккендердің барлығы отандық мамандардың тұрақты бақылауында болды. Бүгін таңертең зардап шеккендермен бірге жиынтық колонна Қазақстанға аман-есен келді, онда пациенттер Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға тапсырылды. Барлығы жеті науқас, оның ішінде екі бала жеткізілді.

Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері де Қазақстанға жеткізілді.

Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Орал қаласынан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, азаматтарға жолда сақтық пен мұқият болу маңыздылығын еске салады. Көлік жүргізу кезінде абай болыңыз, қауіпсіздікті сақтаңыз және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады