«Міне, азамат! Міне, тұлға!»: Жамбыл әкімі желіде мазақ пен күлкіге қалды (ФОТО, ВИДЕО)

07.01.2025, 16:46
1093
«Міне, азамат! Міне, тұлға!»: Жамбыл әкімі желіде мазақ пен күлкіге қалды (ФОТО, ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Оның кабинетінде кітап оқып отырған суреті желі қолданушыларының мазағына айналған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет әлеуметтік желілерде талқылаулар мен әзілдер тудырған өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің фотосуретіне түсініктеме берді.

Қарашөкеев өзінің Instagram парақшасында 2025 жылды Жамбыл облысында кітап жылы деп жариялағанын жеткізді. Әкім тұрғындарға аталған бастаманы қолдап, демалыс кезінде Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» және ақын Күләш Ахметованың «Құт» өлеңдер жинағын оқығанын айтты.

«Кітап – рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биылғы 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгілеу – осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам.

Жаңа жылдық демалыста мен де уақыт тауып, халқымыздың мақтанышына айналған қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын және поэзияның ақ гүлі атанған Күләш Ахметованың «Құт» атты өлеңдер жинағын қайта оқып шықтым», – деп жазды әкім.

Әкім постындағы сурет желіге тарап, ол желі пайдаланушыларының талқылауына айналды.

«Облыс әкімінің пиаршыларына қошемет! Ол мерекеде бақандай екі кітап оқыған екен. Әкім жарады! 1 қаңтарда костюм мен галстук киіп, тып-тыныш кітап оқу үшін келген екен. Бағыныштылардың ешқайсысын мазаламаған. Сонда мынадай сауал туындайды: оны кім суретке түсірген екен?»,- деп жазды журналист Сырым Итқұлов.

Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет «туындаған сұрақтарға жауап беру» үшін пост жазды.

«Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің өңір тұрғындарын кітап оқуға шақырған посты қызу талқыға түсуде. Осы ретте туындап отырған бір-екі сұраққа катысты пікір білдіре кетейін.

Облыс әкімі Жаңа жылдық демалыс күндері (1-4 қаңтар) жұмыста болғанын жеткізгім келеді. Оған облыс әкімдігінің ресми парақшаларындағы ақпараттар арқылы көз жеткізе түсесіздер. Аймақ басшысы ағымдағы жылдағы алғашқы жұмыс сапарын 3 қаңтар күні Байзақ, Меркі аудандарынан бастады.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғаны баршаңызға белгілі. Осыған орай Ербол Қарашөкеев қарапайым, тәжірибелі еңбек адамдарын мерекемен құттықтап, құрмет білдірді. Әкімнің әлеуметтік желідегі алғашқы жазбасы да сол туралы болды. Сондай-ақ 4 қаңтар күні облыс әкімі Тараз қаласындағы жаңғыртудан өткен көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.

Ал аймақ басшысының кітап оқуға қатысты жеке жазбасы жұмыс күні (5 қаңтар) жарық көрді. Желіге жазба жариялайтын кез келген тұлға постқа негіз, көрнекілік үшін арнайы фотоға түсіп салатыны белгілі.

«Әулиеата — кітап оқитын өңір» — жамбылдықтар тарапынан қолдау тапқан игі жоба. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында:

«Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп баса айтқан болатын.

Аталған жобаның негізі осыдан бастау алады. Ағымдағы жылы «Жұмысшы мамандықтарының жылына» орай өңірде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Сол секілді «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында да жүйелі жоспарлар қаралған. Ел игілігіне негізделген баянды бастамаларға бірге атсалысайық!», – деп жазды Жанғазы Ахмет.

 

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)