АҚШ-тың оңтүстігінде болған табиғат апатынан 100 мыңнан аса адам зардап шекті

03.03.2023, 14:30
23125
АҚШ-тың оңтүстігінде болған табиғат апатынан 100 мыңнан аса адам зардап шекті

Американың Техас, Луизиана және Калифорния штаттарындағы табиғат апатынан жүз мыңдаған адам зардап шекті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты NBC News-ке сілтеме жасап.

Техаста болған күшті жел 170 мыңнан аса адамды жарықсыз қалдырды, - деп хабарлады бейсенбі күні «Oncor» Техас коммуналды компаниясы.

Торнадодан Даллас, Франклин және Хопкинс округтері де зардап шегіп, қатты жел тіркемесі бар бірнеше көлікті аударып жіберген. Шривпорт қаласындағы Луизиана штатының университеті дауылдан кейін шамалы бүлінді. Желдің күштілігі сонша, оқу ғимаратының жанындағы тұрақта тұрған екі көлік контейнерін орнынан жылжытып жіберген. Калифорния тұрғындары қысқы дауыл салдарынан қар құрсауында қалды. Штат билігі оңтүстіктегі таулы аудандарға азық-түлік пен басқа да керек-жарақты жеткізу үшін тікұшақ пайдалануды жоспарлап отыр. Губернатор Гэвин Ньюсом 13 округте төтенше жағдай жариялады, ал Сан-Бернардино округінің шерифі зардап шеккендерге құтқару құралдары тікұшақпен жеткізілетінін хабарлады. Өрт сөндіру қызметінің дерегі бойынша, кейбір тау маңындағы елдімекендерде 10 футқа дейін (3 метр) қар жауған, құтқару туралы 100 өтініш түскен.

Сондай-ақ Крестлайн қаласында азық-түлік дүкенінің шатыры құлады. Калифорниялық «Caltrans» көлік министрлігі тәулік бойы қар тазалау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Жоғарыдағы штат билігінің мәліметінше, қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол