«Қарлы боран, көктайғақ»: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

08.01.2025, 09:05
569
«Қарлы боран, көктайғақ»: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды canva.com

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 қаңтарда 14 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Астанада түнде кей уақытта қалың қар жауып, күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-батысқа бұрылып, таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматыда түнде кей уақытта қалың қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының тау бөктерінде және таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні — 18-23 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауып, боран болады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қар жауып, тұман түседі.

Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с жетеді.

Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде бұрқасын, тұман күтіледі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қызылорда облысында түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Павлодар облысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қарлы боран соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Түркістан облысында ауа температурасы түнде 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеп, түнде қар жауады. Желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.

Шымкентте түнде қар жауады, түнде желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с болады.

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstannin-brkatar-onrnde-karli-boran-koktaygak-boladi-2ad2aa/

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды