638

Зайнутдинов «Бешикташ» командасымен 2025 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Отандасымыз Түркияда нәтижелі өнер көрсетіп жүр.

Зайнутдинов «Бешикташ» командасымен 2025 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
instagram.com/besiktas

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Түркия кубогының топтық кезеңі аясында Ыстанбұлдың «Бешикташ» командасы сырт алаңда «Сивасспормен» ойнады. Бұл туралы Sports.kz жазды.

D тобындағы бірінші турдың кездесуі Сивас қаласында (Түркия) өтіп, 1:0 есебімен Бешикташтың жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 20-минутта Рафа Сильва соқты. 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» негізгі сапында алаңға шығып, матчты толық өткізді.

Айтқандай бұл «Бешикташ» футбол командасының 2025 жылдағы алғашқы жеңісі.

Материал авторы