«Дубайский шоколад» сатамын деп жұртты сан соқтырған алаяқ сотталып кетті

08.01.2025, 11:55
867
«Дубайский шоколад» сатамын деп жұртты сан соқтырған алаяқ сотталып кетті instagram.com/fixdessertchocolatier

Дубай шоколадын сатамын деп қаншама адамды құрығына түсірген алаяққа сот үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады (ҚК190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) деп айыпталған А.-ға қатысты істі қарады.

Айыптаудың мәні

А. Дубай шоколадын сатамын деп сылтауратып, бірнеше рет жәбірленушілердің ақшаларын иемденіп отырған. Ол 10 жәбірленушінің 301 020 теңге ақша қаражатын жымқырған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтары, банктік аударымдары және қылмыстық іс материалдары арқылы дәлелденген.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Жаза

ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді.

Жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Жазаны ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен А. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды