«Материал 20 том болды»: Шерзаттың соты ашық өтетін болды

08.01.2025, 13:04
2541
«Материал 20 том болды»: Шерзаттың соты ашық өтетін болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Адвокаттар істің мән-жайын айтып, соттың қай уақытта басталатынын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот қашан басталатыны, іс қалай жүріп жатқаны жөнінде адвокаттар елге есеп берді.

Адвокат Саида Тәуекелова жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

"Сот ашық түрде өтеді. Сот отырысы ақпанның аяғында немесе наурыздың басында басталады деп күтеміз", – деді ол.

Оның айтуынша, іс материалдары – қазақ тілінен орыс тіліне аударылған 10-20 том.

"Процеске қатысушылардың барлығы олармен 1-2 айда танысады", – деп қосты Тәуекелова.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Оның денесі Талғардан табылды. Туыстары суицид нұсқасына сенбейді.

Адвокаттар Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің барысы туралы сұрақтарға да жауап берді.

"Біз істі тереңірек зерттеуге көмектесетін сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз", – деді адвокат Ерлан Адаев.

Адвокаттар тергеу "заңға сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатқанын, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмегенін" түсіндірді.

"Біздің топ заңның сақталуын, барлық тергеу әрекеттерінің ашықтығын және әділ нәтиже беруін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді", – деп атап өтті Адаев.

Айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен отбасы күзеттің қорғауында. Олармен еріктілер мен психологтар жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз – отбасын біріктіру үшін қауіпсіз орта құру", – деп қосты Тәуекелова.

Заңгерлер адамдарды жалған ақпараттан аулақ болуға және тек тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Арандатушылыққа берілмеңіздер. Істің аяқталуына қарай біз сіздерді хабардар етіп отырамыз", – деп сендірді Адаев.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді