Елдос Сметов алғаш рет алтын түсті жапсырмасы бар кимономен белдесті (ВИДЕО)

08.01.2025, 16:59
876
Елдос Сметов алғаш рет алтын түсті жапсырмасы бар кимономен белдесті (ВИДЕО) ijf.org

Енді Елдос Сметов алдағы жарыстарда алтын кимономен сынға түседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы екенін білдіретін алтын түсті жапсырмасы бар кимоно киіп күресті. 

Әлеуметтік желіде дзюдошы осы жапсырманы кимоносына тағып алып, бозкілемде белдесіп жүрген видеосы тарады.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) кимоноға арналған алтын түсті жапсырма жіберген еді. IJF ережесіне сәйкес, алтын түсті жапсырма тек Олимпиада чемпионы атанған дзюдошыларға беріледі. Енді Елдос Сметов алдағы жарыстарда осындай жазуы бар кимоно киіп сынға түседі. 

Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхеидзені жеңіп, 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ Сметовтің қоржынында 2016-жылғы Рио Олимпиадасының күмісі, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдесі бар. 

Еске салайық, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған "Үздік" атты салтанатты шарада Елдос Сметов "Жыл спортшысы", ал бапкері Ғалымжан Жылгелдиев "Үздік жаттықтырушы" атағын иеленген еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды