1436

Қақаған қыста елордада қараусыз жүрген баланың анасы іздестіріліп жатыр

Астанада баласын жалғыз қалдырып кеткен ананы іздеп жатыр.

Қақаған қыста елордада қараусыз жүрген баланың анасы іздестіріліп жатыр
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде көшеде жалғыз жүрген 3-4 жасар баланың табылғаны жайлы ақпарат тарады. Аталған жағдай бойынша Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың басын қауіп-қатерге тігу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды», - делінген хабарламада.

Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр. Сондай-ақ, Көліктегі полиция департаментінен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны ескертілді.

Материал авторы