Иран мәжбүрлі хиджаб пен пәктік туралы заң жобасынан бас тартты

08.01.2025, 18:50
697
Иран мәжбүрлі хиджаб пен пәктік туралы заң жобасынан бас тартты Getty Images / Morteza Nikoubazl

Заң жобасында 12 жастан бастап қыздарға қатаң жаза тағайындауды көздейтін бап бар еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Фатима Мохаджерани «Хиджаб және пәктік туралы» заң жобасы тоқтатылғанын айтты. Бұл туралы «Азат Иран» телеграм арнасы жазды.

Фатима Мохаджирани заңның кейбір ережелері ауыр әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Біз «Хиджаб және пәктік туралы» заңның қабылдануын кейінге қалдырып, ойланып, ақылмен әрекет еттік. Иран әйелдері онсыз да ежелгі заманнан бері пәк болған», - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Иран билігі әйелдердің киім киюін реттейтін «Хиджаб және пәктік туралы» заң енгізуді көздеген болатын.

Айта кетейік, Заң жобасында 12 жастан асқан барлық әйел адамға мынадай категориядағы заң бұзушылықтар үшін жазалар қарастырылған еді:

– хиджаб кимейтіндерге,
– интернетке хиджабсыз түскен суретін жүктейтіндерге, 
– «жалаңаштықты» насихаттап, жарнамалайтындарға, 
– «әдепсіз» әрі «орынсыз» киім киетіндерге.

Дегенмен бұған дейін де хиджаб киюден бас тарту Иранның қолданыстағы Ислам Қылмыстық кодексіне сәйкес айыппұлдармен және түрмеге қамалумен жазаланып келген еді. Ал жаңа заң жобасында тым көлемді айыппұлдар мен 15 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары енген еді.  

Осынша деңгейдегі заң жобасы таныстырылған соң БҰҰ мен Иранның тәуелсіз қозғалыстары дереу дабыл қаққан еді.

«Жаңа заң әйелдердің теңдік, сөз бостандығы, дін мен сенім бостандығы, дене автономиясы, қауіпсіздік және жеке өмірге қол сұғылмаушылық хақын қоса алғанда, адамның негізгі құқықтарын, құқықтық нормалары мен қағидаларын айқын бұзуды білдіреді», – деген еді БҰҰ сарапшылары.

Осылайша желтоқсан айында БҰҰ сарапшылары Иран үкіметін хиджаб кимейтін әйелдер мен қыздарға бірқатар қосымша жазалар тағайындайтын жаңа заңнан дереу бас тартуға шақырған. 

«Хиджаб туралы жаңа заң Иранда әйел мен оның денесін мемлекеттік бақылаудың күшеюін білдіреді. Бұл – әйелдердің хақы мен бостандығына шектен тыс қол сұғу», – деді құқық қорғаушылар өз мәлімдемесінде. 

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды