Елде жаңа вирус метапневмовирус үшін карантин жариялана ма?

09.01.2025, 09:50
747
Елде жаңа вирус метапневмовирус үшін карантин жариялана ма? Midjourney көрнекі суреті

Қазір елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты дейді ресми өкіл.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздегі метапневмовирус індетінің таралуына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова түсінік берді.

- Қазір елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, сырқаттану 20 пайызға төмендеді. Дегенмен, әдетте, дерттің өршуі қаңтарда байқалады, содан ақпанның ортасына қарай төмендейді. Қазір карантин немесе шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ. Біз эпидемиологиялық жағдайды, вирустың жиілігі мен айналымын күнделікті бақылап отырмыз. Вирустық инфекциялар, тұмау немесе басқа инфекциялардың өзі қауіпті емес, ал асқынған жағдайда қауіпті, - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Басқарма төрағасының айтуынша, метапневмовирус басқа да инфекциялар секілді асқынуы мүмкін.

- Көпшілік жерден аулақ болған жөн, маска таққан абзал және бөлмені желдетіп отырған дұрыс. Вирустың алдын алу және инфекция жұқтыратын адамдардың санын көбейтпеу үшін тағы бір маңызды ұсыныс, ЖРВИ белгілері бар балаларды балабақшаға, мектепке жібермеу керек. Өйткені балалар инфекцияны отбасына алып келеді, сосын ата-ана, отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі бар, - дейді А.Есмағамбетова.

 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр