Семейде 8-сынып оқушысын басынан ұрған офицер-тәрбиеші сөгіспен құтылып кетті

09.01.2025, 11:33
876
Семейде 8-сынып оқушысын басынан ұрған офицер-тәрбиеші сөгіспен құтылып кетті бейнежазбадан алынған кадр

Желке тұсынан алақанымен екі рет ұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде 8-сынып оқушысын басынан ұрған офицер-тәрбиеші қызметтік тергеу нәтижесінде сөгіс алған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген видео анықталған. 

«Видеода офицер-тәрбиеші А.К.С студент Р.Д.Т-ға қарсы күш қолданғаны анық көрсетілген. Тәрбиеші педагогикалық әдеп кеңесіне шақырылып, оған сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды», – деп хабарлады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Анықталғандай, офицер-тәрбиеші оқушыға өз бетінше дайындық кезінде үлгерімі үшін сөгіс жариялап, артынша оның желке тұсынан алақанымен екі рет ұрған.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі оқушының денсаулығына ешқандай зиян келтірмегенін және медициналық көмекке жүгінбегенін, ал оқушының ата-анасы мұғалімге ешқандай арыз жазбағанын атап өтті.

«Сонымен қатар мұндай әрекеттердің алдын алуға бағытталған білім беру қызметкерлерімен жалпы жиналыс өткізілді. Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагогке қызметкерлермен профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды», – деп атап өтті білім басқармасында.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды