«Баламыздың құқығын бұзылды»: Ақтауда ата-аналар орыс тілінде оқытатын сыныптар ашылмағанына наразы

09.01.2025, 12:32
644
«Баламыздың құқығын бұзылды»: Ақтауда ата-аналар орыс тілінде оқытатын сыныптар ашылмағанына наразы Lada.kz

200 бастауыш сынып оқушысының ата-анасы орыс сыныбына құжат тапсырмақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтаулық ата-аналар орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныптардың ашылмағанына шағымданды. Қалалық білім бөлімі №31 мектепте орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныптар ашылады деп уәде берген. Алайда бүгінге дейін мұндай сыныптар ашылмаған көрінеді. Бұл туралы Lada.kz басылымы жеткізді.

Жаңа мектеп салынып жатқан кезде оның қазақ және орыс тілдерінде оқытылатыны туралы айтылған. Тиісті ақпаратты білім бөлімі мен оқу орнының өзі Instagram желісінде жариялаған.

Ақтаудағы 17, 19 және 33 ықшамаудандардағы жаңа мектептерге оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдаудың 6 қаңтар күні басталған.

Өткен аптаның соңында ата-аналар білім бөлімі орыс тілінде оқытатын сыныптарды ашамыз деп уәде бергенін айтады. Орыс бөлімі болады деп ойлаған 200 бастауыш сынып оқушысының ата-анасы мектепке құжат тапсырмақ болған. Алайда мектеп құжаттарды қабылдамаған.

Ал мектепте қабылдауға қатысты барлық сұрақтар қалалық білім басқармасында қаралып жатқаны туралы хабарлама ілінген.

"Бұл біздің балаларымыздың құқықтарының бұзылуы. Олардың қазақша оқитындардан қандай айырмашылығы бар? Олардың да осы шағын ауданда тұруға толық құқығы бар. Орыс тілінде оқытатын 1-7 сыныптар арасында ең болмағанда бір сыныптан ұйымдастырсын”, – дейді ата-аналар.

Қалалық білім басқармасында арнайы комиссия құрылып, орыс тілінде оқытатын сыныптарды ашпау туралы шешім шығарған.

Біріншіден, кадр тапшылығы. Екіншіден, мектепте орын жеткіліксіз. Оның сыйымдылығы 900 орындық қана дейді шенеуніктер. Сондай-ақ, балаларды мемлекеттік тілде оқуға қабылдауға 1500 өтініш түскен. Осыған байланысты шенеуніктер ешқандай көмек көрсете алмайтындарын жеткізді.

Қалада бүгінде білім бөлімінің мәліметінше, 33 мемлекеттік мектеп болса, оның 13-і орыс тілінде оқытылады.

Білім бөлімі балама ретінде 17-ші шағын аудан тұрғындарына 13-ші шағын аудандағы №17 мектепте және 27-ші шағын аудандағы №16 мектепте білім алуды ұсынды. Ата-аналар №17 мектепте оқушылар көп екенін айтады. 900 орындық мектепте үш ауысымда 2 мың бала білім алуда екенін айтты олар. 

Алайда ата-аналар құқықтарын сотта қорғауға дайын. Олар енді білім басқармасының басшылығына жүгінбек.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты