764

Сенат депутаты Амангелді Толамисов Қазақстан әлеуеті 2-3 АЭС салуға жетеді дейді (ВИДЕО)

Ол референдумда халықтан қанша станция салынатыны ескертілмеген еске салды.

Сенат депутаты Амангелді Толамисов Қазақстан әлеуеті 2-3 АЭС салуға жетеді дейді (ВИДЕО)
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сенатор Амангелді Толамисов тағы бірнеше АЭС салу керек деген пікір білдірді. Оны бұл Азаттық тілшісіне айтып берген.

«Атом электр станциясының қоршаған ортаға, адамға қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп, соңғы деңгейдегі, мықты АЭС салынатын болса, елдің энергетика бойынша қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге әсер етеді. [АЭС-ті] ары қарай да дамыту, бірнешеуін салу – ел экономикасын тұрақты дамытуға, энергетика қауіпсіздігіне үлкен септігін тигізеді» деді ол.

Ол референдумда АЭС салуға халықтан «рұқсат» алғанмен, станцияның қаншасы салынатыны жазылмағанын еске салды.

«Референдумда елде қанша АЭС салынатыны айтылмады, халық бір станцияға салуға келісім берген болса, ол бәріне санала ма?» деген сұраққа депутат «Референдум АЭС салуға байланысты халықтың ойын білу бойынша жүргізілді» деді.

Былтыр референдумда жұртшылық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап берген еді. Бюллетенде «иә» немесе «жоқ» деген екі жауап болған.

Материал авторы