1452

Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек? Сенат депутаты жауап берді

Ережені бұзғандар алғашында 19 660 теңге, екінші рет бұзса 39 320 теңге айыппұл төлейді.

Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек? Сенат депутаты жауап берді
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сенатор Марат Қожаев қыста автокөліктің қозғалтқышын ұзақ қыздырып тұрғандарға айыппұл салуға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Депутат көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу нормасы біраздан бері бар екенін еске салды.

- Бұл талап экологиялық нормаларды орындауға бағытталған. Бізде ауа қатты ластанған, яғни бұл жағдай ірі қалаларда ерекше байқалып отыр. Жүргізушілерді осы бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы керек. Осы орайда бейнежазба мен нақты уақытын тіркеу қажет.

Егер осындай дәлелдер болса, бұл адамдар әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай нормалар дамыған елдерде де бар, - деді М. Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, осы норма аясында айыппұл 5 АЕК сомасында қарастырылған. Ал осы талапты қайтадан бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға 39 мың теңге айыппұл салынатынын жазған едік.

Материал авторы