«Емшілер мен қасиетті жерлерге бардық»: Жұлдызды жұп екпенің салдарынан ұлының емделмейтін дертке шалдыққанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.01.2025, 16:15
1546
«Емшілер мен қасиетті жерлерге бардық»: Жұлдызды жұп екпенің салдарынан ұлының емделмейтін дертке шалдыққанын айтты жеке мұрағатынан

Баласының сырқатын ауыр қабылдағаны сонша тіпті хиджаб киіп кете жаздаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал жұлдызды жұп актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманова Жанар Байсемізге берген сұхбатында ұлының сырқаты туралы айтып, бастан өткенімен бөлісті. Ерлі-зайыпты дәрігерлердің “жазылмайды, емделмейді” деген сізінен кейін баланың құлан-таза айығып кетуіне не себеп болғанын баяндады. 

Жұлдызды жұп ұлының емханада екпе алған соң тромбоцитопения деген жазылмайтын дертке шалдыққанын айтты. Сөздерінше, дәрігерлер бала ұзақ өмір сүрмейді деп айтқан.

“Театрға жаңадан кірген кезім болатын. Мансап қудық, жұмысбасты болып кеттік. Қойылымдар көп болды. Ауруханадан мейіргер күнде хабарласып, балаға екпе жасатыңдар дейді. Сол кезде бала ауырып тұрған соң епені кейінге қалдырып жүрдік. Бірде балам апасымен қалғанда домофоннан қоңырау түскен. Апасы “шақырып жатыр, не істеймін” деп маған хабарласты. Мен жұмыста жүріп, “салдыра салыңыз” дей салдым. Кешке келсем балам екпесі ісіп кеткен, аяғын баса алмай отыр екен. Дәрігерер баланы тексермеген екен. Бізге тромбоцитопения жазылмайтын ауру, бала ұзақ өмір сүрмейді деп айтты. Бірақ әлемде осындай дерті бар адамдардың 3% ғана өмір сүріп кетеді екен. Олар үнемі гармон салып жүруге мәжбүр. Біздің баламыз да гормон алды. 3 жастағы баламыз толып кетті. Шөп дәрі ішті, емшілерге бардық. Кейін медицина да көмектесе алмайтынын көрдім. Сонда ішкі дауыс “Құдай ғана көмектесе алады” деді”, – деп ағынан жарылды актриса Жанаргүл Жаныаманова.

Оның айтуынша, бұл дерт оларға ұстаз болды. Бұл жағдай болмаса өздерінің көп нәрседен бейхабар болып қалатын едік дейді. 

“Көп кітап оқыдық, бір-бірімізді біле бастадық, ішкі жандүниемізді түсіндік. Рүстем қолымда баладағы ауруды тартып алатын магнит болса деп армандаса, мен жолдан барлық ауруды жазатын бір дәрі тауып алсам деп ойлайтынмын. Содан біраз БАД-тар іштік, емшілерге, қасиетті жерлерге бардық, өзімізді зерттедік, Құдаймен сырластық. Оның қайсысы көмектескенін білмеймін. Қазір баламыз аман-есен, ауруынан жазылды”, – дейді актриса.

Жанаргүл Жаныаманованың айтуынша, баласының сырқатын ауыр қабылдағаны сонша тіпті никаб киіп кетемін бе деп ойлаған. 

“Сол кезде менде эмоционалдық тұрақсыздық болды. Түрлі ойлар келді. Тіпті мүлдем сахнаға шықпауым керек шығыра деген ой болды. Маған тиген көз балаға өтіп кетті ме деп ойлап, өзімді кінәладым. Хиджаб, никаб киіп кете жаздаған кездерім болды. Сонда Рүстем “барлығын істе, оқы, біл, бірақ олай істеме” деді. Сол сөзі үшін рахмет айтамын. Не істесем де Рүстем мені жан-жақты қолдады. Баламыз жазылғанда бәріне WhatsApp арқылы анализдерін жіберемін. Оны көріп анам: “Көз тиеді, тыныш отыр” деп тыйғаны бар”, – дейді ол.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады