Ақтауға апатты жағдайда қонған ұшақтың ішінде Самат Смақов және «Жетісу» футболшылары болған

09.01.2025, 16:53
1954
Ақтауға апатты жағдайда қонған ұшақтың ішінде Самат Смақов және «Жетісу» футболшылары болған t.me/@airastana

Олар Антальяға оқу-жаттығу жиындарына кетіп бара жатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуе компаниясының ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Ұшақта футболшы Самат Смақов пен «Жетісу» футболшылары болған. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Әуе компаниясының мәліметіне сүйенсек, 8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кеткен. 

Алайда, техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонған. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақауы себеп болған.

Ұшақтың ішінде «Жетісу» клубының футболшылары, бапкерлер штабы бар болып шықты. Олар Антальяға оқу-жаттығу жиындарына кетіп бара жатқан.

«Біз Өзбекстанның немесе Түркіменстанның үстінен ұшып бара жатқанбыз. Бір кезде пилот техникалық себептерге байланысты ұшақтың Ақтауға қонатынын хабарлады. Осы ретте бүкіл экипаждың және стюардессалардың кәсібилігін ерекше айтар едім. Ешқандай қобалжу болмады. Біз тіпті байқамай қалдық. Таңертең Антальяға қайта ұшамыз, біз үшін алаңдағандардың барлығына рахмет айтамын», - деді «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов.

Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауда апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 38 адам қайтыс болып, 29 адам тірі қалды. Ұшақты Грозный аумағында «Панцирь» қаруымен атты деген болжам бар.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған