Қазақстандықтар 4 наурыздан бастап өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады
4 наурыздан бастап Парламент және мәслихат депутаттарына дауыс берем деген қазақстандықтар өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексере алады.
Мамандардың айтуынша, мемлекеттік база негізінде құрылған тізім дайын болады. Тек азаматтарға қандай да бір қателер болмауы үшін саяси науқанға 15 күн қалғанда өзін тізімнен тексеру мүмкіндігі беріледі.
Тізімді Телеграм бот, Веб портал, хабарласу орталығы арқылы білуге болады.
Түрлі себеппен тіркелген жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар 18 наурызға дейін тұрғылықты жерінен есептен шығу куәлігін алуы керек.