«Ағылшындар 36 млн еуро беруге дайын»: 20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» ауыспақ

Аиса Махамбет Редактор
09.01.2025, 17:50
936
«Ағылшындар 36 млн еуро беруге дайын»: 20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» ауыспақ Getty Images / Franco Arland

Ағылшындар өзбек футболшысы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының 20 жастағы қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Ланстан» ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын. Бұл туралы Бен Джейкобс пен Фабрицио Романо хабарлады.

Журналистердің мәліметіне сәйкес, ағылшындықтар өзбекстандық футболшы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын.

Футболшының ауысуына қатысты келіссөздер қарқынды түрде жүріп жатыр. Айта кетейік, 2023 жылы Хусанов Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсеткен. Сол жылдың шілде айында ол француздық «Лансқа» небәрі 0,1 миллион еуроға ауысқан болатын.

«Ланс» сапында Хусанов 31 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Француз клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалған еді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы бағасы 12 миллион еуро деп көрсетілген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды