300 мың теңге аударыммен ақша алсаңыз, шотыңыз тексеріле ме? Комитет басшысы жауап берді

09.01.2025, 18:30
1142
300 мың теңге аударыммен ақша алсаңыз, шотыңыз тексеріле ме? Комитет басшысы жауап берді Sputnik / Абзал Калиев

Отбасыңыздың мүшесі «жасырын кәсіпкер» екені анықталса, сіз де тексерілесіз дейді ресми өкіл.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, фискалдық органдар тарапынан тексеру үшін картаға 300 мың теңге аудару негіз бола ала ма? Бұл сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова жауап берді.

Сұраққа жауап бере отырып, Құсайынова үш ай ішінде 100-ден астам түрлі тұлғалардың аудармасы ғана тексеруге негіз бола алатынын еске салды. Тек бір аударым тексеруге жатпайтын көрінеді.

«Егер алдағы үш айда ай сайын 100 және одан да көп адамнан аударым жасалса, оның жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен (2025 жылы 255 000 теңге) асатын болса. Ай сайын үш ай қатарынан ақша аударымдары жасалса, бұл отбасы мүшелеріне де әсер етуі мүмкін. Онда сіз де тексеріске кетесіз», – деді басқарма басшысы брифинг барысында.

Құсайынова 2025 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және олардың жұбайлары үшін банктерден ақпарат салық органдарына берілетінін еске салды.

«Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеу құқығы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданыстағы критерийлерге өзгерістер енгізілуде», - деп қосты Дина Құсайынова.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды