Қазақстанға сес көрсеткен Ресей пропагандисі Тигран Кеосаян «бір өліп, бір тірілді»

10.01.2025, 09:50
1566
Қазақстанға сес көрсеткен Ресей пропагандисі Тигран Кеосаян «бір өліп, бір тірілді» ria.ru

Кеосаян қайтыс болды деген хабар тараған соң, мұның «клиникалық өлім» болғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің пропагандисі Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткеріп, қазір ауыр жағдайда комада жатыр. Бұл туралы Кеосаянның әйелі, пропагандист-журналист Маргарита Симоньян телеграм-каналында жазды.

Baza телеграм-арнасы 59 жастағы Кеосаянның «жағдайы өте ауыр» көрінеді. Бұған дейін 2010 жылы ол екі рет өлім аузында болып, инфаркт алған еді. 

Еске салайық, 2022 жылы мамырда Қазақстан Жеңіс күніне парад өткізуден бас тартқанда, Кеосаян Қазақстанға қарата «Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар. Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек» деген еді.

Кеосаянның сес көрсеткен сөзі Қазақстан қоғамында қарсылыққа ұшырады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Кеосаянды «елге келуге тыйым салынғандардың» тізіміне қосты. Артынша Кеосаян министрліктің бұл әрекетін мазақ етіп, бұл тыйымға қарамастан «Қазақстанға кіріп аламын» деді.

Кеосаянның әйелі Маргарита Симоньян да қарап жатпады. Ол 2022 жылдың ақпанында қазақ дипломаттарының Украина аумағындағы «ДХР» және «ЛХР» сепаратистік құрылымдарының тәуелсіздігін мойындамайтыны туралы үндеуіне «рахметі жоқтар» деп жауап айтып, бұдан бөлек Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҚҰ Қазақстанға кіргенін еске салып, «Бұларды неге құтқардық?» деп дабыл қақты.

Биыл Ресей әскерінің Сириядан шығарылуына да қарсы шыққан ол, арандатушы сөздерін Қазақстанға бағыттамай отыра алмады. Украинадағыдай «Ресей Қазақстанға да әскер жіберсе бақытты боламын» деп үндеу тастады.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым оның бұл мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, пропагандистің билікте шешім қабылдайтын адамдар қатарына жатпайтынын еске салды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды