Шұрық тесік жол үшін шағымданған оралдық тұрғын әкімдіктен 700 мыңға жуық ақша өндіріп алды

10.01.2025, 10:18
674
Шұрық тесік жол үшін шағымданған оралдық тұрғын әкімдіктен 700 мыңға жуық ақша өндіріп алды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Орал қаласының № 2 сотында А. деген тұрғынның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған азамат Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап еткен.

Талапкер 2024 жылдың наурыз айында Дәулеткерей мен М.Лермонтов көшелерінің қиылысында жолды күтіп ұстамау салдарынан пайда болған терең шұңқырға автокөлігімен түсіп кеткен. Шұңқыр еріген қар суынан көрінбеген. Аталған дерек бойынша жауапкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен айқындалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талапкер жауапкердің кінәсі анықталғанын алға тартып, соттан автокөлікті жөңдеуге жұмсалған 605 080 теңге шығын мен залалды бағалауға кеткен 60 мың теңгені өндіруді сұрады.

- Сот іс материалдарын зерттеп, жауапкердің кінәсі әкімшілік соттың қаулысымен толықтай анықталғандықтан, талапкердің пайдасына аталған бөлімнен 605 080 теңге материалдық залал мен 60 мың теңге бағалау сомасын өндірді. Шешім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды