28902

Транзиттік жүктердің ел аумағында өту мерзімі 12 күннен 6 күнге қысқарды

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Транзиттік жүктердің ел аумағында өту мерзімі 12 күннен 6 күнге қысқарды

Бағыттың қазақстандық бөлігіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарды.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысында бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы ТХКБ шеңберінде Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 38-53-тен 19-23 күнге дейін қысқарды, ал осы жылдың соңына қарай 14-18 күнге жетуге тиіс.

Кеңеске қатысушылар:Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту; жылжымалы құрам паркін жаңарту; сауда флотын және Ақтау мен Құрық порттарының қуатын арттыру жөніндегі шараларды талқылады.