«Әйелі педофилияны байқады»: оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев 10 жасар қыздарға қырындағаны үшін сынға қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.01.2025, 11:46
1606
«Әйелі педофилияны байқады»: оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев 10 жасар қыздарға қырындағаны үшін сынға қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

11-12 жасар қыздарды құрығына түсірмек болды деп Жұмабаевтың әйелі желіге айғақтарды салып жіберді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген дау шықты. Блогердің әйелі Құлпынай Қанат ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады.

Құлпынай Қанат ажырасқалы жатқан күйеуі Қолғанат Жұмабаевтен педофилияны байқағанын мәлімдеді. Ол жасөспірімдерді қорғағысы келетінін айтып, дабыл қақты. 

Ер адам 11-12 жасар шамасындағы қыздармен қатты құшақтасып фотоға түскені көпті шошытты. Сондай-ақ хат-хабарламаның ішінде “ғашық болып қалдым ғой”, “сұлуым”, “фотоңа қарай беремін” деген сынды сөздер жазылған. Осыдан соң Қолғанат Жұмабаев фотоға түскен екі қыздан әйелінен кешірім сұратқызған. Құлпынай Қанат қыздардың аналарына жазып, ескерту жасады.

Осы даудан соң қыздардың бірі блогердің азғындауына ұшырағанын жазған.

«Апай, бұл қыздардың арасында мен де болдым. Бұлар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен одан қорқамын. Қорқып, анама да айтқан жоқпын. Мына ағайды соттатыңызшы» делінген хатта.

Бұл жазбалар балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиеваға жетті. Ол Құлпынай Қанаттың постына пікір білдіріп, жекеге жазғанын мәлімдеді.

Оралдық блогер де бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, арам ниеті болмағанын, ағалық махаббатын жеткізгенін айтты. Жұмабаев екі жасөспірім қыздың аналарын да шақыртып, видеоға түсірген. 

«Айша сол күні басқа қыздармен ренжісіп қалған. Сол үшін құлағына сыбырлап, «ренжіспеңдер, тату болыңдар» деп жатқанымда фотоға түсіріп алыпты. Мен қыздардың ата-аналарына жазып, оларды сұрап аламын. Қарындастарымдай көріп «жаным, көкем» деп сөйлесемін. «Красавицасың» деп сөйлесемін, олар да «Ағай, сымбатты болып кетіпсіз» деп қалжыңдайды. Арам ниетіміз жоқ», – деді ол. 

Қыздардың аналары да блогерді жақтап, ешқандай ерсі нәрсе жоқ екенін айтты.

«Ешқандай педофилды көріп тұрған жоқпыз, ол – ағасы. Хейт үшін жасап отырғанын білеміз. Қызымның фотосын желіге жариялағаны үшін сотқа беремін. Таңға дейін уақыт береміз, өшіріп тастаңыз. Кішкентай қыздардың кінәсі жоқ, оны ағасындай сыйлайды. Орамалдағы әйел күйеуінің жамандығын шығармауы керек. Әйел күйеуінің жамандығын жасырып, жақсылығын асыруы керек», – деді ана.

Қолғанат Жұмабаев балалармен түрлі видеолар түсіреді және балаларға арналған барбершопы бар.

Осы жағдайдан соң коуч Роза Әшірбаева, адвокат Жанна Оразбақова, құқық қорғаушы, белсенді Айтбек Амангелді де пікір білдіріп, істі бақылауға алу керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ балалардың жеке шекарасы болатынын, бейтаныс ересек пен бала арасындағы субординация сақталуы керегін айтты. 

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)