Мектеп оқушысы электронды темекіден қайтыс болды

10.01.2025, 14:41
1409
Мектеп оқушысы электронды темекіден қайтыс болды бейнежазбадан алынған кадр

Оқушы қыз 17 жаста болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы электронды темекі, яғни вейп шегіп қайтыс болды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы пәтердің жуынатын бөлмесінен ұзақ уақыт шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз қызды көрген. Оның жанында телефон мен вейп болған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электронды құрылғы мен таяқшалары бар Iqos темекілерін тапқан. Қыз қайтыс болғанға дейін тұтынған өнімдердің бәрі зерттеу үшін тәркіленген. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.

Тергеу комитеті абайсызда өлім туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады