Антикор Қаржаубай Нұрымовқа қатысты істің қай баппен тергеліп жатқанын айтты

10.01.2025, 17:10
1598
Антикор Қаржаубай Нұрымовқа қатысты істің қай баппен тергеліп жатқанын айтты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Агенттік полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарап жатқанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық істің қандай айыппен тергеліп жатқанын айтты. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды. 

Министрліктің мәліметінше, Қаржаубай Нұрымов қоғамдық орында құқыққа қайшы әрекеттер жасаған. Сондықтан оны ұстау туралы шешім қабылданған.

"Қазір полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне одан әрі тергеу үшін жіберілді", - деп хабарлады министрлік. 

Сондай-ақ, аймақ прокуратурасы Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілгенін жеткізді. Алайда полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық фактісі туралы істі неге Антикордың қарайтыны нақтыланбады. 

Бұл ретте бұған дейін облыстық полиция департаменті Нұрымовқа қатысты қылмыстық істі бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша бастағанын мәлімдеген болатын.

"10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде автомобиль иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды. Бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеліп соқты", - делінген департамент хабарламасында. 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті