«Қартайғанша сахнада жүргім келмейді»: Ердос Қанаев өнерден кететінін айтты

Аиса Махамбет Редактор
10.01.2025, 18:37
4703
«Қартайғанша сахнада жүргім келмейді»: Ердос Қанаев өнерден кететінін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ол 50 жасында өзін сахнада көрмейтінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы 50 жасында өзін сахнада көрмейтінін айтты. 

Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, өнердегі болашағына қатысты ойын айтты. Әнші қартайғанша сахнада жүрмейтінін кесіп айтты. Ол уақыт келгенде өнерден кетуге ниетті екенін жекізді.

Өнер иесі кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетінін де айтып қалды.

"50 жасқа Алла жеткізсе, сақал-шашым ағарып, қартайғанша сахнада жүргім келмейді. Биыл 40 жасқа толдық, бір жағынан қарасам, Заттыбек, Сәкен ағаларымыз 50 жасқа толып жатыр, жап-жас. Сол кісілерге қарайсың да, әлі уақытымыз бар екен деп ойлап қоямыз. Бірақ 40 жас - ақыл тоқтататын жас, бұған дейін мен бірнәрсе сұрасам, өзім үшін сұрайтын едім. Мәселен, дүние берші, намазымды реттеші. Ал адам 40 жасқа келген соң, өзіңе емес, елге пайда тигізсем екен деп ойлайды екенсің. Шынымды айтсам, өзімді кәсіпкерлік жолда сынағым келеді. Бір жағынан, ағартушылық жолдан көріп, жастарға мұра қалдырғым келсе, екінші жағынан кәсіп иесі болып, сол арқылы халыққа пайдалы дүние шығарсам", - деді Ердос Қанаев.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады