«Ақша керек болды»: Рүстем Жаныаманов Інжілді дыбыстағаны үшін қанша ақша алғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
10.01.2025, 19:40
988
«Ақша керек болды»: Рүстем Жаныаманов Інжілді дыбыстағаны үшін қанша ақша алғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Қаржыдан қысылған актер Інжілді дыбыстауға келіскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Келінжан" телехикаясы арқылы қалың көпшілікке танылған Рүстем Жаныаманов басынан өткен қызықты жағдай туралы айтты. Өнер иесі қаржыдан қиналғанда Інжілді дыбыстағанын жеткізді. 

Актер қаражатан қысылған кезде өзіне ерекше ұсыныс түскенін айтты. Әлдекімдер өнер иесіне Інжілді дыбыстауды өтініш білдірген.

"Кино, телехикаядан күнде ұсыныс түсе бермейді. Арасында дубляжбен айналысамын. Бір күні жұмыссыз қалдым. Сол уақытта қаражат керек еді. Бірде бір адам хабарласып, шақырды. Дубляжбен айналысатынымды айттым. Сөйтіп бір мәтін оқытып, дауысымды сынап көрді. Дауысымды ұнатты, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Мәтіннің көлемін, жұмыстың қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ. Ертесі келсем бір десте қағаз дайындап қойыпты. Біреуін алып бастап оқыдым. Сөйтсем Інжілді қазақшаға аударып жатыр екен. Бірде тоқтап қалып "не істейін, жазайын ба, жоқ па" деп ойланып қалдым", - дейді өнер адамы.

Рүстем Жаныаманов Інжілді дыбыстағаны үшін 3-4 млн теңгедей қаржы тапқанын айтты.

"Бірақ ақша керек. Іштей "жақсы нәрсе ғой" деп тағы ойлап қоямын. Сөйтіп жартысына дейін оқыдым. Алайда ары қарай оқи алмайтынымды, мұсылман екенімді айттым. Ондағылар осыған дейін оқығанымның ақшасын береді екен. Әлгі жерде қатты қиналдым. Десе де соңына дейін оқып бердім. Бір айға жуық бірге жұмыс істедік. Өте жақсы төледі. 3-4 миллиондай бар. Сол кезде ол жақсы ақша еді. Мен үнемі ақша деген нұсқаны таңдаймын", - деді актер Жанар Байсемізге берген сұқбатында.

 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды