Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстаннан кетті
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов енді Лондонда болады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшы әлеуметтік желіде британ астанасын белгілеп, ұшақтан және қонғаннан кейінгі суреттерін жариялады.
БАҚ-қа берген сұхбатында Сметов ағылшын тілін үйрену үшін Англияға кетуді жоспарлап жүргенін айтқан еді.
"Қазіргі жоспар – ағылшын тілін үйрену. Сәтін салса, қаңтар айының басында Лондонға 4-5 айға ағылшын тілін үйренуге барамын. Бұл бірінші кезектегі жоспар, кейін спортты дамытуға үлес қосу үшін жаттығуды жалғастырамыз", – дейді Сметов.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші