«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға ғана сотталған

11.01.2025, 10:47
869
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға ғана сотталған жеке мұрағатынан

Бейнебақылау камерасынан 21 жастағы бойжеткеннің алысқа қаңбақтай ұшып кеткенін көруге болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде жол апатынан қайтыс болған 21 жастағы қыздың туыстары жоғары соттан көмек сұрайды. Аяжан Нұрмадиеваны жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезінде қағып, үстінен басып өткен. Бірақ марқұмның жақындары айыпталушыға сот бар болғаны 2 жарым жыл жаза кескені әділетсіз дейді. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы жеткізді. 

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Аяжан Нұрмадиеваны көлік қыркүйек айында қаққан. Бейнебақылау камерасынан 21 жастағы бойжеткеннің алысқа қаңбақтай ұшып кеткенін көруге болады. Анасының сөзінше, жол талғамайтын машина сұлап жатқан қызды басып өтіп әрең тоқтаған. Ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жетпей көз жұмған екен.

“Дүкенге кетіп бара жатқан. 11 метрге лақтырып, тежеуішті баспай, сол құлаған жерінен ішінен мыжып аударып, одан кейін арқасынан мыжып барып тоқтаған. Тоқтағаннан кейін бірден көліктен шығып, екі жақ қолынан сынғанына қарамай, көліктің астынан алып шыққан. Бала негізі соққыдан кейін қайтыс болып кеткен”, – дейді марқұмның анасы Гулнора Муминова. 

Кенже қызынан айырылған ананың жүрегі қан жылайды. Бозтаев көшесінде болған қайғылы оқиға сотқа жетіп, джиптің жүргізушісі екі жарым жыл жаза арқалапты. Сондай-ақ бес жылға темір тұлпар тізгіндеу құқығынан айырылған. Бірақ бұл тым жеңіл жаза дейді марқұмның туыстары. 

“Қазір олар аппелацияға беріп жатыр. Екі-ақ жылға сотталу үшін тергеу изоляторында отырған бір күні бір жарым күн деп саналады. Солай баланы өлтіріп мүлдем құтылып кетпекші. Сол үшін мен аналық жүрегіммен көмек сұраймын. Егер де жай қағып, сол жерде жүгіріп барып тамыр соғысын қарап әрекет жасаса, ол бір әңгіме. Егер 2,5 жыл берсе, изолятордағы күндерін алып тастағанда 1 жылы ғана қалып тұр. Сол үшін көмек сұраймын”, – деп қосты Гулнора Муминова

Семей қалалық соты судья тараптарды тыңдап, дәлел-дәйектерді зерттеп шешімді заң аясында шығарды деп отыр. 

“Осы істегі мән-жайлардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 55-ші бабының 2-ші бөлігі қолданып, іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы, жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығы бойынша онша ауыр емес қылмыстар қатарына жатады бұл. Сондықтан қарастырылған жазаның ең жоғары жазаның жартысынан асыруға болмайды. Соған байланысты сот 2 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап отыр”, – деді Семей қаласының №2 сотының судьясы Ербол Әділбеков.

Алдағы уақытта аппеляциялық сот отырысы өтетін болады. Жәбірленуші тарап аппеляция жаза мерзімін қысқартса, жоғары сотқа шағымданамыз деп отыр. 

 

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)