«Кері бұрыл, тупой!»: Астана полициясы жүргізушіге дөрекі сөйлеген қызметкерлеріне қатысты тексеріс бастады

11.01.2025, 15:51
866
«Кері бұрыл, тупой!»: Астана полициясы жүргізушіге дөрекі сөйлеген қызметкерлеріне қатысты тексеріс бастады бейнежазбадан алынған кадр

Астанада VIP кортеж өткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана полициясы полиция қызметкерлерінің жүргізушіге дөрекі сөйлегені естілетін видео жарияланғаннан кейін тексеріс бастады.

Telegram-дағы Zhest_kz арнасында астаналық полицейлердің жүргізушіні VIP кортеж жолынан "қуып жатқаны" түсірілген видео жарияланды.

"Астанада жүргізуші қозғалыс жабылған көшеге шығып кетті, ол жерден VIP кортеж өтеді деп күтілген. Виедода абдырап қалған көлік иесін патрульдік көліктердің қалай қоршауға алғанын көруге болады, ал дауыс ұлғайтқыштан: "Кері бұрыл, ақымақ!" деген бұйрық естіледі", - деп жазылған видео сипаттамасында.

NUR.KZ сайты түсініктеме алу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

"Жолда жүру ережелеріне сәйкес, көк түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер жол беруге міндетті. Бұл арнайы көліктер мен ілеспе автомобильдердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Дегенмен полицейлердің жол жүру ережесін бұзған жүргізушіге дөрекі сөйлеу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі", - делінген баспасөз қызметінің жауабында.

Қазақстан Республикасының Жол жүру қағидаларының 6-тарауына сәйкес, көк және қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады .

Ережеде қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуға тиіс екені айтылған. Олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады.

"Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосулы тоқтап тұрған көлік құралдарына жақындаған кезде жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайтады", - делінген Жол қозғалысы ережелерінде. 

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды