10 жастағы қыздарға «Ғашық болып қалдым» деп жазған блогерге қатысты тексеріс жүргізілмек

Аиса Махамбет Редактор
11.01.2025, 17:13
1222
10 жастағы қыздарға «Ғашық болып қалдым» деп жазған блогерге қатысты тексеріс жүргізілмек жеке мұрағатынан

Динара Закиева ата-аналарды қырағы болуы шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Прокуратура мен құзырлы органдар блогер Қолғанат Жұмабаевтың әрекетіне қатысты тексеріс жүргізеді. Ер адамның 10-11 жастағы қыздарға жазған хаттарын Құлпынай Қалменова жария еткен еді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева аталған дерекке қатысты пікір білдіріп, блогермен байланысқанын мәлімдеді. 

"Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", – деп жазды Динара Закиева. 

Сонымен қатар Динара Закиева ата-аналарды қырағы болуы шақырып, баланың кіммен араласатынын бақылауға, оған қауіп-қатерлер мен соның ішінде әлеуметтік желідегі қауіптер жайлы айтып отыруға шақырды. 

"Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды. Балалар қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 нөмірлеріне хабарлау қажет", – деп қосты уәкіл. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды